Ата-аналарға арналған ақпарат
Ата – аналарға арналған ақпарат
Ата – аналармен жұмыс
Ата – аналарды шағын орталыққа тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесіне өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық педагогикалық қолдау көрсетіледі. Ата –аналарды шағын орталықтың ұйымдастыру ісіне қатыстыру, балалардың шығармашылық жұмыстарына атсалысуға шақыру,отбасы және шағын орталық ынтымақтастығын жүзеге асыруларына жағдай жасалған. Ата –аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға,балалардың мәселелері мен ой өрісінің жетілуі, олардың физикалық даму мәселелері туралы ақпарат алуларына мүмкіндік берілген. Тәрбиеші мен ата ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттері ұйымдастырылған. Педагогикалық білімдерін жетілдіру көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізіледі:
• Жылжымалы папкалар
• Видеороликтер, суреттер
• Жадынама нұсқаулар
• Шығармашылық көрмелері
• Ата – аналар бұрыштары және тағы басқалары.