Тамақтану

Тамақтану

«Ырысты» мектепке дейінгі шағын орталығы  бойынша күн тәртібі бағдарлама талаптарына сәйкес орындалады.
Күнделікті ас мәзірі құрастырылады, орталығымызда  тәрбиеленіп жатқан балаларға үш мезгіл ыстық тамақ әзірленеді. Тамақ құрамында жылдың кез-келген мезгілінде көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер, сүттен жасалған тағамның барлық түрлері үзілмейді.

Орталығымызға әкелінген
азық-түліктердің барлығы сертификатталынған немесе азық-түліктің қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары бар.

Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы барлық талаптарға сәйкес келеді. Асханаға керекті барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Асхананың санитарлық жағдайына бақылау жасалып тұрады. Азық-түліктің сапасына және дайын азық-түліктің сапасы мен мөлшеріне бақылау жасалады.

Орталығымызда баланың дұрыс өсуі мен дамуына қажетті дұрыс тамақтану күнделікті 3 мезгіл: таңғы ас,түскі ас, бесін ас қамтамасыз етілген.

Back to top button